ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ-БАСТЫ МАҚСАТ
2025 жылдың 26-31 наурыз аралығында көктемгі демалыс жоспарына сәйкес Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру мақсатында оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарды анықтау үшін сауалнама алынып, жоспар бекітілді. Алынған сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, математика, алгебра, геометрия, физика, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі, биология пәндерінен қосымша сабақтардың қажет екендігі анықталып, жоспарға сәйкес сабақтар жүргізілуде.