Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру — тәрбиешілердің басты міндеті. Осы орайда тәрбиеленушілер арасында “Спорт — денсаулық кепілі” атты эстафеталық жарыс өтті. Эстафетаның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, сымбатты дене мүсінін қалыптастыру, сергек те сенімді спортшылар тәрбиелеу. Әр қабаттан бір командадан шығып, өзара күш сынасты. Нәтижесінде екінші қабат өрендері озып шығып, жеңімпаз атанды. Бірінші қабат екінші орын, үшінші қабат үшінші орынға ие болды. Жауапты тәрбиешілер:
Ақтасов Ж. А., Нурмухаметова М. И.,
Кумашева Г. Б., Бекбаева Г. Ш.