Перейти к содержимому

Мектебімізде қайырымдылық жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. Жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары…

  • автор:

Мектебімізде қайырымдылық жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары мен ата-аналар белсенді қатысып, бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар сынып жетекшілер,кураторлар, мектеп әкімшілігі және тәрбиешілер де белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Жиналған қаражат 460 000 мың теңге спортшы балаларға қолдау көрсету мақсатында жұмсалды. Бұл — жас спортшылардың жетістіктерге жету жолындағы маңызды қадамдарының бірі.
Осындай қайырымды іске атсалысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға, сынып жетекшілерге, тәрбиешілерге және мектеп әкімшілігіне шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің белсенділіктеріңіз, жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыз – жас спортшыларға үлкен мотивация және жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Бірлік бар жерде – береке бар.

В нашей школе-интернат-колледже на высоком уровне прошла благотворительная ярмарка.
В ярмарке приняли активное участие учащиеся всех классов и родители, продемонстрировав пример единства, доброты и взаимной поддержки. Также классные руководители, кураторы групп, воспитатели и администрация школы внесли свой вкла