Перейти к содержимому

Гонконг төрінде өткен жеңіл атлетикадан жастар арасындағы (U20) Азия Чемпионатынан…

  • автор:

Гонконг төрінде өткен жеңіл атлетикадан жастар арасындағы (U20) Азия Чемпионатынан олжалы оралған Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын Өскемен теміржол вокзалында салтанатты түрде күтіп алдық! 🤩 облыс мақтаныштарын қарсы алуға мектеп әкімшілігі, жаттықтырушылар құрамы және жанкүйерлер жиналды.
Халықаралық аренада ел намысын қорғаған спортшыларымыздың нәтижесі:
🥉 Өмірзақ Асқар Абайұлы — онсайыс түрінен Азия чемпионатының қола жүлдегері!
🥈 Киденко Софья Сергеевна — 4×400 метрлік эстафетада Азия чемпионатының күміс жүлдегері!
Бұл жеңіс — спортшыларымыздың табандылығы мен жаттықтырушылардың ерен еңбегінің жемісі. Шәкірттерімізді және бүкіл спорт қауымдастығын осынау үлкен жетістікпен құттықтаймыз! Сенімді ақтаған чемпиондарымызға алдағы уақытта да тек биік белестерді бағындыруды тілейміз! 🇰🇿🏆