Бүгін мектеп-интернат-колледжінде құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара қонақтары:
▪️ Өскемен қаласы ПБ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі, полиция майоры Жампейісов Р.Н.;
▪️ ШҚО ТЖД ҚҚБ аға инспекторы, ІІО дознавателі, полиция подполковнигі Алимжанова З.К.;
▪️ Өскемен қаласы ТЖБ ШҚО ТЖД ІІО аға дознавателі, азаматтық қорғау майоры Жаныбеков Е.Ж.;
▪️ «ФЕНИКС» ҮЕҰ директоры Ахметкалиева Н.М.
Кездесу барысында маңызды әрі өзекті тақырыптар қарастырылды:
✅ жазғы кезеңде суға түсу кезіндегі қауіпсіздік;
✅ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
✅ от жағуға жол бермеу;
✅ сөндірілмеген от үшін жауапкершілік;
✅ сән-салтанатты бітіру кештеріне тыйым салу;
✅ кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу;
✅ психотроптық заттарды қолданудың зияны мен салдары.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз қауіпсіздігіне, денсаулығына және қоғамдағы тәртібіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Қонақтарымызға жүргізілген профилактикалық жұмыс пен пайдалы ақпарат үшін алғысымызды білдірем
Сегодня в школе-интернате-колледже состоялась профилактическая встреча с участием представителей правоохранит