🔹2026 жылдың 26 мамыр күні мектебіміздің төрт оқушысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен республикалық Quiz интеллектуалдық ойынына қатысты.
Аталған сайысқа еліміздің бірнеше облысынан келген 22 студенттік команда бақ сынады. Оқушыларымыз жүлделі орын иеленбесе де, өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл — мектебіміз үшін үлкен жетістік, себебі аталмыш жарысқа мектебіміздің оқушылары алғаш рет қатысып отыр. Сонымен қатар, бұл мектеп абыройын арттырып, үлкен жарнама болды.
Алдағы уақытта да мектебіміздің оқушылары осындай интеллектуалдық сайыстарға белсенді қатысып, білім көкжиегін кеңейте береді деп сенеміз.
Команда атауы — «ZERDE».
Команда құрамында:
• 9 «БҚ» сынып оқушылары: Итин Нұрәли, Жұмагельдин Алихан;
• 10 «АҚ» сынып оқушылары: Утегенова Айым, Нұрланбекқызы Мадина.
Команда жетекшісі — тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Г.А. Оспанғалиева.





