Перейти к содержимому

🔹Желтоқсан- қазақ халқының еркіндікке ұмтылған рухын, ұлттық сананың оянуын көрсеткен…

  • автор:

🔹Желтоқсан- қазақ халқының еркіндікке ұмтылған рухын, ұлттық сананың оянуын көрсеткен тарихи кезең. Қазақ жастарының әділетсіздікке қарсы тұрып, ұлттық намыс пен еркіндікке деген ұмтылысты паш еткен тарихи сәт.
2025 жылдың 18.12 мектебімізде 10ақ және 11 бқ сыныбы оқушыларының қатысуымен “1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы- тәуелсіздікке бастар шешуші қадам болды” тақырыбы аясында пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс мақсаты: оқушылар арасында пікірсайыс мәдениетін дамыту, тарих беттеріне тағзым ету.
Дебат “Желтоқсан рухы”, “Алаш” екі команда арасында болды.
Екі команда спикерлері Желтоқсан оқиғасының маңызын, оның ұлттық рухқа әсерін талқылады.
Дебат соныңда спикерлер алты номинациямен марапатталды.
Пікірсайыс, “ RING” дебат үйірмесінің жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Гүлнар Әлімханқызы Оспанғалиеваның ұйымдастыруымен өте мазмұнды, қызықты, жоғарғы деңгейде өтті!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *