🔹 Жатақхана-мектеп-интернат-колледжіміздің оқушылары үшін құтты шаңырақ. Онда тек қана оқушылар емес, колледж студенттері де оқып тұрады. Осыған байланысты жатақханада оқушылардың жеке басының гигиенасы, тазалығына да қатты көңіл бөлінеді. Осыған орай демеушілердің көмегімен жатақхананың әр қабатына 2 автоматты кір жуатын машинадан берілді, жалпы саны 8 кір жуатын машина. Қазіргі таңда жатақханамызда 15 автоматты кір жуатын машина жұмыс жасап тұр.
Бұл бастаманы көтерген "Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ директоры Абдығалиев Әділ Бағдатұлы.
Балаларға қуаныш сыйлаған демеушілерімізге алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да мұндай бастамалардың көп болатынына сенімдіміз.