Жүзу бөлімінің таңғы жаттығуы 🏊♂️
Бүгін жүзу бөлімінде таңғы жоспарлы жаттығу өтті. Жаттығу барысын спорт бөлімі тарапынан тексеру жүргізіп, спорт жөніндегі әдіскер Касымова А. қатысып, оқу-жаттығу үдерісінің ұйымдастырылуын, спортшылардың дайындығы мен тәртібін бақылап өтті.
Жаттығулар бекітілген жоспарға сай жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар белсенділік пен жауапкершілік көрсетті. Осындай жүйелі жұмыс — болашақ жеңістердің кепілі! 💪🏆