Перейти к содержимому

🔹“ Заң және тәртіп” республикалық айлық аясында мектебімізде бүгін 26.02.2026…

  • автор:

🔹“ Заң және тәртіп” республикалық айлық аясында мектебімізде бүгін 26.02.2026 ж
“ Буллинг жасаған жасөспірімге қатаң жаза қолдану қажет” тақырыбындағы пікірсайысқа 9 бқ сыныбы оқушылары Жұмагелдин Алихан, Итин Нұрәли, Қайролда Алдияр және 10 ақ сыныбынан Утегенова Айым, 11 ақ сыныбынан Жәнібек Әмина, Семейханова Малика қатысты. Пікірсайыс екі команда арасында болды. Әр команда спикерлері кейстерінде нақты, өмірлік дәлелдерді келтіре отырып, өз ұстанымдарын қорғады.
Пікірсайыс нәтижесінде спикерлер 6 номинациямен марапатталды. Номинация иегерлері:
1. “ Көшбасшы спикер”- Утегенова Айым, 11ақ
2. “ Ең белсенді спикер”- Итин Нұрәли, 9 бқ
3. “ Сыйластық жаршысы” Жумагельдин Алихан, 9бқ
4. “ Шешім ұсыну шебері” — Қайролда Алдияр, 9 бқ
5.” Үздік дәлел шебері “- Семейханова Малика, 11 ақ
6. “Әділ пікір иесі” — Жәнібек Әмина, 11 ақ
Әділ қазылық жасаған ұстаздар: мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі А.Қ. Күзембаев, тарих және құқық пәндері мұғалімі Ә.А.Аманжолова, ағылшын пәні мұғалімі және 2023-2024 оқу жылында мектеп мұғалімдері және тәрбиешілері арасында өткізілген пікірсайыста
“ Үздік спикер” номинация иегері А.Ә.Қуанышева. Уақыт төрешісі- информатика пәні мұғалімі Б.Қабылшай.
Пікірсайыс барысында оқушылар және мұғалімдер тарапынан спикерлерге сұрақтар қойылды.
Мектеп директоры Ә.Б Бағдатұлы Дебат бойынша қорытынды сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді.
Пікірсайыс өте жоғары деңгейде өтті.
Пікірсайысты ұйымдастырушы, өткізуші “RING” дебат клубының жетекшісі педагог шебер Гульнар Алимхановна Оспангалиева.