Перейти к содержимому

🔹«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында,…

  • автор:

🔹«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында, «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі акт залында колледж студенттеріне «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Көрсетілімнің негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Фильмдер барысында жастардың өмірлік таңдауы, жауапкершілік, тәртіп пен заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Көрсетілімнен кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, жауапты әрі адал азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

#ЗаңжәнеТәртіп #АдалАзамат #ТәрбиеЖұмысы #КолледжСтуденттері