Перейти к содержимому

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ 2025 жылдың 18 наурыз күні Әлкей Марғұлан…

  • автор:

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

2025 жылдың 18 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өтті. Дәрісті Көктал шағын ауданының учаскелік полиция инспекторы Бимжанов Даурен Талғатұлы және жедел іздестіру қызметі полиция капитаны Таңатаров Нұрдаулет жүргізді. Кездесуде оқушыларға қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыс түрлері айтылып сақтық шаралары таныстырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берілді. Сондай-ақ түнгі уақытта жүрмеу, сабақты себепсіз босатпау, бейтаныс, бөгде адамдармен байланыста болмау керектігі, буллинг, әлеуметтік желіде аса сақ болу мәселелері айтылды. Учаскелік инспектор оқушылар арасындағы электронды темекі, тик-ток желісіндегі өмірге қауіпті жазбалар, әлеуметтік зиянды ойындар туралы да ақпарат беріп сақ болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *