Тaлaй қырaнды қaнaттaндырып, тaлaй ұлaнды ұясынaн ұшырғaн мектеп-интернат-колледжде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Қайрат Мерей Қайратұлы — білім беру ұйымының директоры жас спортшыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге жаңа өмір белестерінен сүрінбей өтулеріне, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілек білдірді. 2022-2023 жылғы 59 түлектің 51 спорт шеберіне үміткер, 6 спорт шебері, 1 – халықаралық спорт шебері талаптарын орындады.