Перейти к содержимому

🔹Таңғы ас – көңілді жаңа күннің бастауы. Таңғы ас күні…

  • автор:

🔹Таңғы ас – көңілді жаңа күннің бастауы.
Таңғы ас күні бойына күш-қуат пен жігер беріп қана қоймай, есте сақтау мен зейінді жақсартып, ұзақ уақыт аштықты сезбеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында түскі ас кезінде шамадан тыс тамақтану салдарынан туындайтын іштегі ауырлықтың алдын алады. Бұл өте маңызды, себебі артық тамақтану артық салмаққа апаратын жол.

Диетологтардың кеңесіне сүйенсек, таңғы асқа жарма өнімдерінің пайдасы зор. Жармадан дайындалған тағамдар ұзақ қорытылғандықтан, адам біраз уақытқа дейін тоқ жүре алады. Мысалы, жармадан дайындалған ботқа. Олар: қарақұмық, күріш және сұлы жармаларынан дайындалған ботқалар.

Салауатты өмір салты дәл осы дұрыс тамақтанудан басталады емес пе?! «Тәтті тағам емес, денсаулыққа пайдалы тағам тәтті» деген тәмсіл бар.

Сондықтан, әрбір күніңіз пайдалы таңғы астан басталуы керектігін есіңізден шығармаңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *