Перейти к содержимому

🏓 Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты 🇰🇿 📍…

  • автор:

🏓 Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты 🇰🇿
📍 Павлодар қаласы
📅 2025 жылғы 18–21 желтоқсан

Павлодар қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік командалардың қатысуымен Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты жоғары деңгейде өтті.

Аталған жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ спортшылары абыроймен қорғады.

🏆 Шоманов Әліби мен Азаматұлы Нұрдәулет жарыс жеңімпаздары атанды.

Біздің спортшылар жоғары дайындық деңгейін, нағыз командалық рухты, табандылық пен жеңіске деген жігерді көрсете білді. Әрбір кездесу тәжірибе мен шеберлікті шыңдаған тартысты матчтарға толы болды.

👏 Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамына қажырлы еңбектері мен лайықты өнер көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз!
💪 Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

#ҮстелТеннисі 🏓
#ҚазақстанЧемпионаты
#Павлодар2025
#ШҚО
#ОлимпиадалықРезерв
#СпортӨмірТірегі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *