🏓 Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты 🇰🇿
📍Астана қаласы
📅 2025 жылғы 18–21 желтоқсан
Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік командалардың қатысуымен Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты жоғары деңгейде өтті.
Аталған жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ командасы командалық есепте қола жүлдегер атанды 🥉.
🥉 Жекелей есепте ІІІ орын иегерлері:
— Байтікенова Еркежан
— Нұрман Нұрсая
Біздің спортшылар жоғары дайындық деңгейін, нағыз командалық рухты, табандылық пен жеңіске деген жігерді көрсете білді. Әрбір кездесу тәжірибе мен шеберлікті шыңдаған тартысты матчтарға толы болды.
👏 Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамына қажырлы еңбектері мен лайықты өнер көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз!
💪 Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
#ҮстелТеннисі 🏓
#ҚазақстанЧемпионаты
#Астана2025
#ШҚО
#ҚолаЖүлдегер 🥉
#ОлимпиадалықРезерв
#СпортӨмірТірегі
