«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
Бүгін біздің ұжым үшін қуанышты күн – шаруашылық ісі жөніндегі директордың орынбасары Архат Валерьевичтің 40 жылдық мерейтойы!
Сізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐
40 жас – бұл өмірдің жаңа белесі, мол тәжірибе мен үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Ұжымымыздың тыныс-тіршілігі, тәртібі мен жайлылығы – Сіздің еңбегіңіздің нәтижесі. Күнделікті жауапкершілік пен тиянақтылықтың арқасында мектебіміздің жұмысы жүйелі түрде алға басып келеді.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс пен береке тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көріне беріңіз!
Ұжым атынан – ізгі тілекпен! 🤝