Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Жаңа жыл қарсаңында ерекше мерекелік көңіл күй орнады 🎄✨
Мектеп ұжымы үшін профком тарапынан арнайы сыйлықтар таратылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Көңілді билер мен әсем ән-өлеңдер мерекенің ажарын ашып, барша қатысушыға көтеріңкі көңіл күй сыйлады 🎁🎶
Бұл жарқын күн ұжымға бірлік пен шаттық сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен жақсы тілектерге толы әсер қалдырды. Жаңа жыл баршамызға мол табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер әкелсін! 🌟