Перейти к содержимому

Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған…

  • автор:

Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
интернат бөлігінде жаңа жылдық көңіл-күй сезіле бастады 🎄✨

Интернат жатақханасының кіреберісіндегі вахта маңын тәрбиешілеріміз ерекше ықыласпен безендіріп, әсем шырша орнатып, сәндеп қойды. Жылы жарықтар мен әдемі ойыншықтар интернаттағы әрбір балаға мерекелік шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Бұл көрініс — бірлік пен қамқорлықтың, мейірім мен жылылықтың белгісі. Осындай жанашырлықпен жасалған істер оқушыларымыздың жүрегіне қуаныш ұялатып, жаңа жылға деген үміт пен сенімді арттыра түседі 🎁🌟

Барша тәрбиешілерге еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Алда келер Жаңа жыл баршамызға береке, табыс және жарқын жетістіктер әкелсін! 🎉🎄

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *