Перейти к содержимому

🔹Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған…

  • автор:

🔹Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
оқушы қыздары 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жүрекке жылы тиетін бейнеролик түсірді 🇰🇿✨

Бейнероликте интернатта тұратын қыздардың күнделікті өмірі, бір-біріне деген құрметі мен татулығы, сондай-ақ тәрбиешілермен бірге өткізген тәрбиелік сәттері шынайы түрде көрініс тапты. Әр кадрдан елге деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздікке деген мақтаныш пен болашаққа деген сенім айқын сезіледі.

Бұл жұмыс — жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды қадірлейтінін, тарихты ұмытпай, бірлік пен ынтымақты жоғары қоятынын дәлелдейтін мазмұнды туынды. Осындай тәрбиелік мәні зор бастамалар арқылы оқушыларымыз елжандылық рухта өсіп, жарқын болашаққа қадам басуда 🌟

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *