Перейти к содержимому

📍 Өскемен қаласы 🏛 Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы Бүгін Өскемен…

  • автор:

📍 Өскемен қаласы
🏛 Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы

Бүгін Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облыстық филармония ғимаратында балаларға арналған облыстық «Zan Fest» Заң және тәртіп жастар таңдауы облыстық форумы өтті. Іс-шара құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылып, жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Аталған форумға Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі атынан оқушыларымыз белсенді қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды. 👏

Форум барысында балалар заң мен тәртіптің маңызын түсініп, өз құқықтары мен міндеттері жайлы құнды ақпаратқа қанықты. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы, жауапты әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

✨ Болашағымыз – білімді, тәрбиелі және заңды білетін ұрпақ! ✨

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *