🔹Шорт-трек және шайбалы хоккей бөлімінде жалпы дене дайындығы бойынша бақылау-ауысу нормативтері өткізілді.
Іс-шара барысында спортшылардың жылдамдығы, төзімділігі, күш және қозғалыс үйлесімділігі бағаланды. Бұл нормативтер олардың келесі дайындық кезеңіне өтуіне негіз болды.
Спортшылар жоғары белсенділік пен жақсы нәтижелер көрсетіп, өз дайындық деңгейлерін дәлелдеді. ⛸️🏒💪
Барша қатысушылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы жаттығулар мен жарыстарда табыс тілейміз! 🎉👏