Перейти к содержимому

🌷“Шаңырақ” күні туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге үндейтін отбасылық мереке.…

  • автор:

🌷“Шаңырақ” күні туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге үндейтін отбасылық мереке. Бұл — әрбірімізге жақын әрі бәрімізді біріктіретін құндылықтар. Бүгінгі ұйымдастырылған мерекелік шараға қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолда тек өрлеу мен өсуге еңбек етіп келе жатқан мейірімді жан — тәрбиеші Мерекенова Бақытгуль Мұхамеджановна қонақта болды. Отбасы құндылықтары туралы әңгімесінен мерекенің құндылығын түйсініп, тәрбиеленушілер бір табан жақындап, олардың бойында отансүйгіштік пен халықтың салт-дәстүрге деген құрмет, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілігі артты. Салт -дәстүрмізді ұлықтап, ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарымызды жандандыруға септігімізді тигізу мақсатында спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеуге тәрбиешілер үлес қосуда. Жауапты тәрбиешілер: Мерекенова Б.М., Серьянов Е.Н., Дукешова Қ.С., Құнанбаева Р.Қ., Қалдыбаева М.Ф.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *