🔹Самар ауданына арнайы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің
мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келіп, дарынды балаларды іріктеу мақсатында қабылдау өткізді.
Іріктеу шарасы барысында балалармен арнайы кездесуге спорт әдіскері Каменова Айдана Дулатқызы келді. Ол оқушыларға спорттың маңыздылығы мен дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы кеңінен түсіндіріп, болашақ чемпиондарға бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Азбаев Мақсат Қайратұлы сөз алып, жаттығу кезіндегі талаптар мен жетістікке жетудің жолдарын жан-жақты баяндады. Ол балаларды спортпен тұрақты шұғылдануға шақырды. Жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Картаев Рустем Маратұлы да балалармен еркін әңгімелесті. Сонымен қатар, жаттығу үдерісінің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Олар әрбір баланың спортта өз орнын табуына сенім білдіріп, алдағы мақсаттарға жету үшін аянбай еңбектену керектігін атап өтті.