🔹Сабақтың тақырыбы: «Абай мұрасы — мәңгілік қазына». Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін, маңызын, құндылығын түсіндіру, Абай мұрасының мәңгілік, рухани қазына екенін оқушы санасына дарыту, жаһандану дәуірінде елін, жерін, ана тілін сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Бұл тағылымды дәрісімізді А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өткіздік. Оқушылар Абай әлеміне саяхат жасап, оның шығармаларына талдау жасады. Электронды кітаптар шоғырына топтастырылған Абайдың әр түрлі кезеңде басылып шыққан туындыларымен танысты. Тың деректерді қызыға тыңдап, танымдық өрістерін байытты. Біздің де негізгі мақсатымыз Абайдың жырларын оқытып, жаттатып қана қоймай, оның әр өлеңінің мазмұнын ашу мен тереңіне бойлау арқылы еліне, жеріне, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу емес пе?! Сабақ барысында оқушылардың көзінен көркем әдебиетке қызығушылықты, Абай шығармаларының құндылығын сезінетінін толассыз қойылған сұрақтардан байқадық. Абай жаққан нұр сәуленің келешекке жол салғанының тағы да куәсі болдық.
Жауапты тәрбиешілер: Нурмухаметова М.И., Кемешева М.М., Бекбаева Г.Ш., Ақтасов Ж.А.