🏆 qazathletics | Фаина Мейірманова — 2025 жылдың үздік спортшысы! 🏆
Бүгін ерекше қуанышты күн!
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып,
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
өзіміздің мақтанышымыз — колледж оқушымыз, Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы,
«Үздік–2025» ұлттық жүлдесінің иегері Фаина Мейірманованы салтанатты түрде қарсы алды. 🎉👏
Бұл — тек бір спортшының емес, тұтас өңір спортының, жеңіл атлетиканың және қажырлы еңбектің үлкен жеңісі.
Фаинаның табандылығы, ерік-жігері мен жеңіске деген сенімі жас спортшыларға үлгі, ал біз үшін зор мақтаныш! 💪✨
Фаинаны, оның білікті бапкерін және барша жеңіл атлетика жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Алда әлі талай биіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұр! 🇰🇿🔥
#Үздік2025 #ФаинаМейірманова
#СурдлимпиадаЧемпионы
#ШҚОСпорт #qazathletics
#МектепИнтернатКолледж #ЖеңісРухы