🔹Оқушылармен бірге этно ауылға жасаған саяхатымыз қызықты өтті. Мақсатымыз — оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру, этно саябақ мұражайындағы әр ұлттың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен таныстыру. Саяхат барысында оқушылар мұражайларды аралап, көптеген ақпараттармен танысты. Күзгі табиғат көріністерін тамашалады. Ерекше әсерге бөленіп, жақсы көңіл күймен сергіп қайтты.