Перейти к содержимому

🔹Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру — күн тәртібінен түспейтін өзекті…

  • автор:

🔹Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру — күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Осы орайда “Спорт — сенің серігің” атты дойбы ойыны тәрбиеленушілерге сергек көңіл күй сыйлады. Дойбы ойынының мақсаты: Оқушыларды спортты сүюге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жылдам, шапшаң ойлауға, ептілікке баулу. Ойынға әр қабаттан екі ойыншы қатысты. Қызықты өткен бәсекеде шашасына шаң жұқтырмай, Манарбекұлы Бекарыс бірінші орынды иеленді. Русланұлы Жантөре екінші орынды еншіледі. Үшінші орынды Семейханова Малика қанжығасына байлады. Осылай ойыншылар арасында тартыспен өткен ойын оқушылар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол. Жауапты тәрбиешілер — Чингаева Г. М., Нұрмұхаметова М. И., Аскабылова Ф.М., Жұмағұлов Б.Т.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *