Lesson Study-дің кезекті циклінде 9БК сыныбында педагог-зерттеуші Ислямова Г.Т химия пәнінен 23-қараша күні «Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Металдарға сипаттама» аудиотүсіндірмеден үзінді тыңдатып, зертханалық тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, әр топқа сараланған тапсырмалар берді. Нәтижесінде оқушылар металдарға периодтық жүйе тұрғысынан сипаттама беріп, басым бөлігі металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттаса кейбір оқушылар металдардың белсенділік қатары арқылы химиялық қасиетін зерделеп қорытынды шығара білді.