Күні: 01.02.2021
Пәні: Физика
Мұғалім: Бытыкова Айжан Мураткызы
Сынып: 8 бк
Тақырып: "Токтың қуаты мен жұмысы"
Сабақтың мақсаты: жұмыс және қуат формаларын есептер шығаруда қолдану.
Сабақ zoom платформасында онлайн форматта өтті.
Сабақ барысында оқушылар өткен сабақты еске түсіру барысында LearningApps платформасында пазл құрастырды, жаңа сабаққа байланысты видео көріп, тақырыпқа байланысты есеп шығарып, сабақты бекіту үшін Quizizz платформасында тесттік ойын ойнады. Сабақ соңында оқушылар білім деңгейлерін "Жетістік баспалдағы" әдісімен айтып шықты.