🔹Іс-шараның тақырыбы: “Сөзімді сізге қалдырдым”…
Мақсаты: Мұқағалидай ақиық ақынның артына қалдырған мұрасының мәңгілік, рухани қазына екенін оқушы санасына дарыту, поэзия әлеміне қызығушылықтарын арттыру. Поэзия кеші О. Бөкей атындағы кітапханада өтті. Кітапхана қызметкері Башай Таңнұр оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен таныстырды. Оқушылар Мұқағали жырларын шабыттана оқыды. Тәрбиеші Нұрмұхаметова М.И. отты ақынның “Поэзия, менімен егіз бе едің?” өлеңін оқып, оқушыларға жылы әсер қалдырды. Оқушылар караокемен Мұқағалидың сөзіне жазылған сазды әндерді шырқады. Ақын қаламынан туған өміршең жырларды оқи отырып, Мұқағалидың нәзік жанына үңілгендей күй кешесің. Аймухаметова Назерке “Үш бақытым” өлеңін оқыса, Нұрланбекқызы Мадина “Отан” өлеңін оқыды. М. Мақатаевтың “Ғашықпын” өлеңі Тұрсын Олжастың орындауында оқушылар көңілінен шықты. “Өз-өзіңді жақсы көр” өлеңін Ерлан Ерсұлтанның мәнерлеп оқығанына да оқушылар өз қошеметін білдірді. Ақынның өлеңіне жазылған сазды әуенге оқушылар би биледі. Поэзия құдіреті шексіз әлем ғой. Оқушылар осы әлемнің сыршыл тереңдігіне бойлады. Бүгінгі кештен кейін оқушылардың өлеңге, поэзияға ерекше құрметпен қарайтынын байқадық. Жауапты тәрбиешілер: Нұрмұхаметова М.И., Бекбаева Г.Ш., Ақтасов Ж.А., Кұмашева Г. Б.