Перейти к содержимому

🥋 Дзюдо | Жеңіс жаңалығы 🏆 📅 16–21 қаңтар аралығында…

  • автор:

🥋 Дзюдо | Жеңіс жаңалығы 🏆

📅 16–21 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында дзюдодан 2011–2012 ж.т. жасөспірімдер арасында дәстүрлі
❄️ «Қысқы демалыс» республикалық турнирі өтті.

🇰🇿 Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 2000-нан астам жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

🥉 Осы дүбірлі додада
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің
42 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Уалиев Мансур қола жүлдені иеленді! 👏🔥

⚖️ 42 кг салмақ дәрежесінде 261 спортшы бақ сынап, Мансур 8 белдесу өткізіп, жоғары деңгейдегі шеберлігі мен қайсар мінезін көрсете білді 💪🥋

👨‍🏫 Жаттықтырушысы: Есимбетов Г.Т.

✨ Бұл — тынымсыз еңбек пен табандылықтың жемісі!
Алда әлі талай жеңіс пен биік белестер күтіп тұр!
Жарайсың, Мансур! 🏆🔥