🔹Әдістемелік бірлестік білім ордасының әдістемелік қызметі құрылымындағы негізгі бөлім болып табылады. Осыған сәйкес желтоқсан айының 11-жұлдызында тәрбиешілердің әдістемелік отырысы болып өтті. Бірлестік жетекшісі Нұрмұхаметова М.И. сөз сөйлеп, 2024-2025 оқу жылында бірлестік бойынша атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Отырыста тәрбиеші Толыбаева А.Р. Жумагулов Б. Т. Бекбаева Г. Ш. “Бала тәрбиесі — ортақ міндет” атты баяндама оқыды. Баяндама талапқа сай жазылған. Толыбаева А.Р. өз тәжірибесіне сүйеніп, іс-шараларды, сабақтарды өткізу әдісін тәрбиешілер назарына ұсынды. Сабақтарды әр түрлі әдіспен өткізуі әріптестер көңілінен шықты. Алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарға байланысты тәрбиешілер өз ұсыныстарын айтты. Жаңадан қабылданған жас маман Кемешева М.М. тәлімгер болып, тәрбиеші Дукешова Қ.С. бекітілді. Аттестациядан өтетін тәрбиешілерге кеңестер берілді. Қорыта айтқанда, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Замана көшіне ілесіп отыратын әр маман өз білімін көтеру қажеттігі де баса айтылды.