Перейти к содержимому

🔹 «Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» атты аттестаудан өтетін…

  • автор:

🔹 «Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» атты аттестаудан өтетін мұғалімдердің онкүндігі аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исупова Гузяль Фарданиятовна «Three countries, three renewables» тақырыбында 7 «К» сынып окушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мәтін тақырыбы видео арқылы көтерілетін мәселені болжай отырып, окушылар топтық жумыстарда текст мәтінін түсініп, сурақтарға жауап беріп, капитандар конкурсына белсенді қатысып, True/ False пен мини видео тесттен өтіп, постер қорғап шықты.
Сабақта үш жаңартылған энергия көзі қарастырылды. Олар жел энергиясы, күн энергиясы, жер энергиясы. Балалар тек қана ағылшын тілін үйреніп қоймай, сонымен бірге экология мен жаңартылған энергия көздерінің маңыздылығын түсінді. Сабақ қызықты және де «Өте жоғары» деңгейде өтті деп бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *