🔹 «Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» атты аттестаудан өтетін мұғалімдердің онкүндігі аясында 12 желтоқсанда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исупова Гузяль Фарданиятовна «Independence Day» тақырыбында 9 «AК», 9 «БК», 9 «A» сыныптар окушыларымен ашық сабақтан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шара үш тілде өткізілді және үш елдің мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік берді. Қазақстан , Ресей, АҚШ елдердің тәуелсіздік күндері туралы ақпарат дайындап, оны көрермендерге ұсынды. Шара барысында балалар әртүрлі ойындар мен жарыстарға қатысты: қызықты басқатырғыштарды шешіп, лабиринттерден өтіп, ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын ойындар ойнады. Сондай ақ, олар ат жарыстарында, белсенділік танытып, үш елдің танымал тұлғалары туралы көп мағлумат алды.
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен шығармашылық қабылеттері ерекше мақтауға лайық. Осындай іс шаралар балалардың рухани және мәдени дуниетанымын кеңейтіп, достық пен түсіністік атмосферасын қалыптастыруға септігін тигізеді.