🔹“ Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі” атты аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің онкүндігі аясында 9.12.2024ж
Биология пәнінен педагог-зерттеуші Мамырбекова Назым Зейнолдановна «Газ алмасу» тақырыбында 8бк сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Блум таксономиясының 6 деңгейі сақтала отырып өткізілген сабақта оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасап білімді меңгеру деңгейлерін өздері бағалап отырды. Сабақтың ұйымдастыру сәтінен бастап, сергіту сәті мен кері байланыс жасау сабақ тақырыбымен үйлесімді болды. Жасанды интелект косымшаларымен жасалған тапсырмалар оқушылар танымын арттырды. Ашық сабақ «өте жоғары» деңгейде өтті деп бағаланды.