🔹Бейімбет Майлиннің 131 жыл толуына орай кітапханада орта буын оқушыларына арналған «Кең жүректі адам» атты әдеби шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Анакулова Ж.А. жиналған оқушыларды жан-жақты дарынды жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырды. Мақсаты – жазушының шығармашылығымен таныстыру, өскелең ұрпақтың Б. Майлиннің әдеби мұрасына деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Бейімбет Майлин әдебиеттің барлық жанрларында өзіндік қолтаңбасын қалдырған туындылар жазған. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол өз туған ауылын, халқын, жерін шын жүрегімен сүйіп жырлады. Бейімбет Майлин тек қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушы ғана емес, сонымен қатар белсенді қоғам қайраткері ретінде де танылды. Іс-шара барысында оқушылар дарынды ақын-жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды.
🔹В честь 131 – летия со дня рождения Беимбета Майлина, в библиотеке для ребят среднего звена, было проведено библиотекарем литературное обозрение «Человек большого сердца». Библиотекарь Анакулова Ж.А., познакомила учащихся 8А класса с писателем разностороннего дарования, с его биографией и творчеством. Цель мероприятия: знакомство с творчеством писателя, развитие интереса у подростков к литературному наследию Б. Майлина, развитие интеллектуальных способностей.
Беимбет Майлин создал самобытные произведения почти всех жанров литературы, которые остаются актуальными и в наши дни. Он всей душой и сердцем воспевал родной аул, родной народ и край. Он не только внес огромный вклад в развитие отечественной литературы, но и показал себя активным общественным деятелем. Учащимися были зачитаны отрывки из произведений талантливого поэта и писателя.