🔹Бүгінгі кездесу кешіміз «Мамандықтар әлемінде» деп аталды. Мақсаты: Оқушыларды мамандық таңдауға, кәсіптік бағдар беруге баулу, әр түрлі мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, өмірде мамандыққа байланысты таңдау жасауына көмек беру. Кешке құрметті қонақ ретінде Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері майор Қапанов Аслан мен капитан Сейтхазин Диас, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының орынбасары Жакашев Ринат, ана мен бала орталығының медбикесі Дакен Ақерке, Қорғаныс істері бойынша әскери комиссариат қалалық бөлімінің бастығы Ахмадиев Марат қатысты. Келген қонақтар өз мамандықтары жайлы қызыға әңгімеледі. Оқушылар қойған сауалдарға жауап берді. Бұл кеште тәрбиеленушілер кәсіби бағыт-бағдар алды, мамандықтардың қыр-сырын білді. Өздері таңдаған мамандықтар жайында да айтты. Бұл кеш оқушыларға әдемі көңіл күй сыйлады. Жауапты тәрбиешілер: Бекбаева Г.Ш., Кемешева М.М., Нурмухаметова М.И., Ақтасов Ж.А.