Перейти к содержимому

✈️ Бүгін Өскемен қаласының әуежайында әлем чемпионы — Төлеуғали Батырханды…

  • автор:

✈️ Бүгін Өскемен қаласының әуежайында әлем чемпионы — Төлеуғали Батырханды салтанатты түрде қарсы алды!

Төлеуғали Батырхан @batyrkhan_toleugali —
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің»
2023 жылғы түлегі.

Мектеп ұжымы, бапкерлер, ата-аналар мен спорт қауымдастығы чемпионымызды ыстық ықыласпен қарсы алып, оның еңбекқорлығын, табандылығын және жоғары кәсіби деңгейін ерекше атап өтті. 👏🔥

🇰🇪 Кенияда өткен әлемдік додада, 87 кг салмақ дәрежесінде Батырхан қарсыластарын сенімді жеңіп, турнирлік сетканы абыроймен өтті.
Ол грек спортшысы Фотиос Домпас, австралиялық Джоб Стюарт және бейтарап атлет Владислав Будинді жеңіп, финалға жолдама алды.

🥇 Шешуші финалда ирандық спортшы Мохаммад Ализадехпен аса тартысты өткен кездесуде 7:6 есебімен жеңіске жетіп, U21 Әлем чемпионы атанды!

👏 Чемпионымызды және оның бапкері
Жарков Николай Сергеевичті
керемет нәтиже және тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

✨ Бұл жарқын жеңіс – үлкен биіктердің бастауы болсын!
Батырханға зор денсаулық, мықты жігер, шалқар шабыт және әлемдік аренада одан әрі жарқырай беруін тілейміз!

💛 Біз сенімен мақтанамыз, Батырхан!

@shqo_sport_basqarmasy
@taekwondo_oskemen
@taekwondo_wt_kz
@taekwondo.wt.oskemen

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *