🏆 Бүгін Шығыс Қазақстан облысының 2009–2011 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен Чемпионаты өтуде!
🤼♂️ Аталған жарыс Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші К.К. Базаровтың жүлделеріне арналған.
🔥 Чемпионат жекпе-жек сайыстары форматында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас балуандар өздерінің күш-жігерін, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетуде.
💪 Бұл дода — болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды жарыс!
🏅 Барша қатысушыларға сәттілік, әділ күрес және жарқын жеңістер тілейміз!