🔹Бүгін яғни 19.12.тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Оспангалиева 9ақ сынып оқушыларына Дүние жүзі тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді. Бұл “Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі” — атты аттестаттаудан өтетін мұғалімдердін онкүндігі аясында өткен сабақ. “Қырғи қабақ соғыстан кейін әлемдегі қауіпсіздік артты ма? “ тақырыбында өткен ашық сабаққа мектеп әкімшілігі және мұғалімдер қатысып, оқыту үрдісі барысында мұғалім қолданған әдіс тәсілдерге, оқушылардың іс әрекетіне,жалпы оқыту барысына көңіл аударып, бақылап отырды.
Ашық сабатың мақсаты оқыту мақсатына және оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Мұғалім сабақтың әр кезенің сапалы жоспарлап, Блум таксономиясы негізінде дамыту тапсырмаларын әзірлеген. Сабақ барысында “6 сұрақ”, “фишбоун”, “тұлғаны бейнелеу” “ әдістері және жасанды интеллект көмегімен тарихи тұлғаны сөйлету, галереяны шолу тәсілдері тиімді болды. Топтық жұмыс барысында, оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, белсенділік таңытты.Топтық жұмыс тапсырмаларына дескриптор және бағалау критерийлері берілді. Мұғалім уақытты тиімді пайдаланып, оқушыларға кері байланыс бере отырып, олардың өз өзін бағалауға қолдау көрсетіп отырды. Мұғалім сабақта қойылған мақсатқа жетті. Сабақ сапалы болды. Өте жоғары деңгейде өтті!