📊 Бүгін «Асхананың тамағы – оқушылар мен студенттердің көзімен» атты сауалнама қорытындысы бойынша жиналыс өтті.
Жиынға мектеп басшылығы, асхана меңгерушісі, диеталық мейірбике және интернат меңгерушісі қатысып, барлығы ашық диалогқа түсіп, ұсыныстармен алмасты 🤝
Жиналыс барысында білім алушылардың тамақ сапасы, мәзірдің әртүрлілігі және тамақтану жағдайына қатысты пікірлері мен ұсыныстары қарастырылды 🍽️
Көпшілік оқушылар тағамдардың дәмдік сапасының жақсарғанын атап өтті 👍
Сонымен қатар, мәзірді кеңейту және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды 💡
📌 Жиналыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер:
✔️ Тағам дайындау сапасына бақылауды күшейту
✔️ Оқушылардың ұсыныстарын ескере отырып, мәзірді әртараптандыру
✔️ Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру
✨ Жұмыс жалғасуда! Біз әрбір оқушы үшін асхананы одан әрі жайлы әрі дәмді етуге ұмтыламыз!
📊 Сегодня состоялось заседание по итогам анкетирования «Питание в столовой глазами учащихся и студентов».
В обсуждении приняли участие руководство школы, заведующая столовой, диетическая сестра и заведующая интернатом. Все участники были вовлечены в диалог и открыты к предложениям 🤝
В ходе заседания были рассмотрены мнения и предложения обучающихся, касающиеся качества питания, разнообразия меню и условий приёма пищи 🍽️
Большинство учащихся отметили улучшение вкусовых качеств блюд 👍
Также прозвучали конструктивные предложения по расширению ассортимента и улучшению сервиса 💡
📌 По итогам заседания приняты следующие решения:
✔️ Усилить контроль за качеством приготовления блюд
✔️ Разнообразить меню с учётом пожеланий обучающихся
✔️ Продолжить работу по формированию культуры здорового питания
✨ Работа продолжается! Мы стремимся сделать школьную столовую ещё более комфортной и вкусной для каждого ученика!