Қазан айының алғашқы күндері – қарттар күні мен ұстаздар мерекесінің тоғысатын игі сәті. Осы орайда мектебімізде ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер тәрбиешілеріміз – Мерекенева Бақыт пен Құрмекешова Альмира апайларымызбен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу «Сырлы сұхбат, жарқын жүздесу» атты атаумен өтіп, оқушыларға өмірлік тәлім мен тәрбиенің терең мәнін ұғындыруға бағытталды.
Кездесудің мақсаты – оқушылар мен тәрбиешілер арасындағы сенімді, ашық қарым-қатынасты дамыту, оқушылардың өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттерді бойға сіңіру. Сонымен қатар, бірін-бірі тыңдай білу, пікір алмасу, мәдениетті қарым-қатынас орнату.
Жауапты тәрбиеші:
Ахметова Г.К.
Толыбаева А.Р.
Сергезынова Г.С.
Кунанбаевп Р.К.