Перейти к содержимому

🔹Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен III Өңірлік постерлер байқауы – жас…

  • автор:

🔹Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен III Өңірлік постерлер байқауы – жас дарындардың, ұстаздардың және шығармашылықты қолдайтын барша жанның басын қосқан рухани мереке болды. Бұл шара патриотизмді, инновациялық ойлауды және білім мен өнерді ұштастырудың ерекше үлгісін көрсетті.
Біздің мектебіміздің мақтанышы, 10 «А» сынып оқушысы Наиль Смагулов осы байқауда өзінің спорт пен білімнің үйлесімділігі туралы шабытты туындысын ұсынды. 46 үміткердің арасынан, жүлделі 2 орынды иеленді!
Наильдің жетістігі – бұл тек жеке жеңіс қана емес, бүкіл мектебіміздің, ұстаздарымыздың және жанашырлық танытқан барша қауымның жеңісі. Оның еңбегі жастардың арманын жүзеге асыру жолында тынымсыз еңбектің, шабыт пен табандылықтың нышаны болды. Пән мұғалімі Әсемгүл Аманжолқызы Аманжолова.
Наиль, сенің жарқын жеңісің баршаға үлгі! Біз сенің табандылығың мен дарыныңды мақтан тұтамыз !

#НаильЖеңімпаз #ПостерБайқауы2024 #МектепМақтанышы # ЖасДарын #БолашақҚуаты#ҚАЕУ#КАСУ#

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *