📍 Астана қаласынан келген қонақтармен маңызды кездесу
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маңызды кездесу өтті.
Біздің мектепке Астана қаласынан Kazakh National University of Sports (KNUS) академиясының өкілдері арнайы келіп, 10–11 сынып оқушыларына арналған таныстыру презентациясын өткізді. 🎓
KNUS — Қазақстандағы спорт саласы бойынша мамандарды дайындайтын заманауи жоғары оқу орындарының бірі. Университет дене шынықтыру, жаттықтырушы қызметі, спорт менеджменті, реабилитация және спорт ғылымы бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. 
Кездесу барысында оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен, студенттік өмірімен, қабылдау талаптарымен және спорт саласындағы болашақ мүмкіндіктермен танысты. 💪🏆
Сондай-ақ іс-шара аясында біздің мектеп пен университет арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 🤝
📌 Меморандумның негізгі артықшылықтары:
✅ Мектеп түлектеріне жоғары оқу орны туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі
✅ Спорт саласы бойынша кәсіби бағыт-бағдар беру
✅ Болашақта грантқа түсуге дайындыққа көмектесу
✅ Бірлескен оқу-жаттығу және ғылыми-тәжірибелік жобаларды өткізу
✅ Университет оқытушыларымен және мамандарымен тұрақты байланыс орнату
✅ Дарынды спортшылардың болашақта спорттық мансабын дамытуға қолдау көрсету
Бұл кездесу оқушыларымыз үшін үлкен мотивация беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға маңызды бағыт көрсетті. 🌟
@knus.kz
@knus.business
@