ҚАНАТЫНА МӘҢГІЛІК КӨКТЕМ ІЛІНГЕН
Бүгін 2025 жылдың 17 наурыз күні «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жұлдызай Ысқақпен «Қанатына мәңгілік көктем ілген» атты кездесу өтті. Кездесуде оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, музыка пәні мұғалімдері мен өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған «Аққу-арман» әнін шырқады. Кездесудің екінші бөлігі сұрақ-жауап айдарына ұласты. Оқырмандар авторға алғаш ақындыққа кім баулығанын, ең бірінші шығарған өлеңдері, шабытты қайдан алатыны жайлы сұрады. Өлеңдеріңізді сынаған адамдар болды ма, сынды қалай көтересіз, ақынның өмірлік ұстанымы қандай болуы керек деген сұрақтар қойылды. Кездесу барысында ақын өзінің сиясы кеппеген өлеңдерін оқып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Кездесу соңында мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы Жұлдызай Ысқаққа алғысын білдіріп, мектеппен тығыз байланыс жасауға ұсыныс тастады.