Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде әлеуметтік орталықтардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау барысында интернатымыздың тәрбиешілері ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) тәрбиеленушілермен бірге «Қамқор» жеке меншік әлеуметтік қызмет көрсету орталығына игі іс жасау мақсатымен барды. Балалар пансионат тұрғындарына өлең шумақтарын оқып, ән айтып көңіл-күйлерін көтеріп, бесін асты сыйға тартты.