📢 «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша қазіргі қоғамда, әсіресе болашақ ұрпағымыздың құқықтық сауаттылығы мен жеке қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай қыркүйек айының 28 — жұлдызында маңызды тақырыптарды қамтитын жетекші маман, көп жылдық тәжірбиесі бар, түзету мекемесінде ұстаз, бокс спортының майталманы, Өскемен қаласының Мухамади мешітінің найб имамы және филология факультетінің түлегі Еркенбай Ибрагим мырзамен кездесу ұйымдастырылды.
📌 Кездесу барысында төменгі мәселелер талқыланды:
🔹 Қоғамдық тәртіп ережелері.
🔹 Жасөспірім және заң.
🔹 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі.
🔹 Зорлық — зомбылық пен буллингтің алдын алу.
🔹 Міндетті орындау, құқығыңды білу, әр іс — әрекетіңе жауапты болу.
🎤Біздің қонағымыз – Ибрагим мырзаның қатысуымен тәрбиеленушілеріміз өз ойларын ортаға салып, қызықты сұрақтар қойды.
🎭 «Дүниеге деген үндеулері» атты сахналық қойылым мен ой толғаныстарын өлең жолдарымен орындады.
Кездесуді ұйымдастырған тәрбиешілер: Дукешова Қ.С., Тартаева З.К., Серьянов Е.Н., Аскабылова Ф.М.