🔹Қыркүйек айының 21-жұлдызында аналар күніне арналған “Ана — өмір шуағы” атты іс-шара өтті. Мақсаты — жанұядағы отбасы тәрбиесі, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өз аналарына жүрек жарды лебіздерін жолдады. Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе,
дзюдо күресінен бақ сынап жүрген 10”А” сыныбының оқушысы Кенжебаев Нұрасыл
Т. Айбергеновтың “Ана” өлеңін тебірене оқыды. Әр бала ана құшағында тербеліп өссін деген тілекпен іс-шарамызды аяқтадық. Жауапты тәрбиешілер — Нурмухаметова М.И., Бекбаева Г.Ш., Кемешева М.М., Ақтасов Ж.А.