🔹2025 жылдың 11 –ші қыргүйегінде мктебімізде Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты мәнерлеп оқу сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.Қ.Абилмажинова мен А.К.Нурбекова өткізді.
Сайыстың мақсаты – ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын дәріптеу, оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін, көркем оқу шеберлігін дамыту болды.
Іс-шараға 7–9 сынып оқушылары белсене қатысып, Абайдың өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп оқыды. Қатысушылар өлеңді жатқа айтып қана қоймай, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін, көркем сөйлеу қабілетін көрсете білді. Бағалау критерийлері бойынша қатысушылардың:
– мәтінді жатқа білуі,
– дауыс ырғағы,
– мәнерлеп оқу шеберлігі,
– сахна мәдениеті,
Сайыс нәтижесінде үздік шыққан оқушылар:
1 орын — Нұрмухаметов Алижан, 8 АК сыныбы
2 орын – Кадір Азат,7 К сыныбы
3 орын- Алтынбекұлы Арсен
Қатыушылардың арасында мәнерлеп оқуда әділ-қазылар алқасына ерекше көзге түсен оқушыларда болды. Олар: Оралхан Мөлдір -8 АК, Әділбекова Іңкар- 7К,
Қуанышқызы Медина -7 К, Аманғазин Асылбек -8а .Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс айтып, Абай мұрасын құрметтеу – болашақ ұрпақтың парызы екенін атап өтті.